Осындай ұранмен барлық республика бойынша «Тәуелсiздiктiң 25 шыңы»
жалпы республикалық акция шегiнде шаралар өткiзiлуде. Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнiң ұжымы да Қазақстанның Тәуелсiздiгiнiң осы үлкен мерей тойын тойлауда шетте қалмады.
2016 жылғы 21 қарашада мемлекеттiк архивтiң ұжымы балалар кiтапханасындағы ашық сабаққа шақырылды. Онда селолық кiтапхананың мамандары Қазақстан Республикасының негiзгi Заңы– Ата Заңының құрылу тарихы және оның негiзгi ережелерi жайлы айтып бердi.
2016 жылғы 23 қарашада Атбасар ауданының архивiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi бойынша шағын көрме ұйымдастырылды. Селолық және балалар кiтапханасының, музейдiң мамандары қатысушыларға ел таңба, ту, елiмiздiң ән ұраны туралы қызықты түрде айтып бердi және мемлекеттiк рәмiздердiң шығу тарихына экскурсия жасады.
2016 жылғы 30 қарашада мемлекеттiк архивтiң директоры А.Ахметов архивтiң жұмыскерлерiне «Қазақстан мемлекетiн құруда ҚР Тұңғыш Президентiнiң — Ұлттық көшбасшы Н.А. Назарбаевтың тарихи ролi» тақырыбында лекция оқыды. Барлық шаралардың басында және соңында барлық қатысушылармен Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалды.