A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
«Іс қағазын құру туралы» семинар-жиналыс туралы ақпарат

Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiмен 2016 жылғы 6 желтоқсанда «Алдағы жылға iс қағазын құру туралы» тақырыпқа Атбасар ауданының әкiмi аппаратының жетекшiсi Е.Винш және жалпы бөлiм жетекшiсi Б.Жапарова, селолық округi әкiмдерi мен бас мамандары, iс қағаздарын жүргiзу бойынша ауданның мекемелерi және ұйымдарының басшылары мен мамандары қатысқан семинар-жиналыс өткiзiлдi. Семинардың негiзгi сұрақтарынан өзге, ауданның мекемелерi мен ұйымдарындағы ведомоствалық архивтердiң ережелерiн құру мен келiсiмi туралы және сараптау комиссиясы жайлы тақырып көтерiлдi. Ведомоствалық архивтердiң төлқұжаттауы қортындысы бойынша қортынды келтiрiлдi.

Архив директоры А.Ахметов өзiнiң баяндамасында төлқұжаттардың уақытылы толтырылмау себептерiне тоқталып өттi. Сондай-ақ мемлекеттiк сақтауға өткiзуге тұрған құжаттар есебi лайықты деңгейде емес ұйымдардың аттарын атап өттi. Сонымен қатар құжаттарын өңдеуде және архивке құжаттарын тапсыруда ешқандай қиындық туғызбаған ұйымдарда да айтылды.

Осы жылы 2010 жылға дейiнгi құжаттарын Шұңқұркөл және селолық округi, Сепе селолық әкiмiнiң аппараты, экономика және бюджеттi жоспарлау бөлiмi, Мемлекеттiк кiрiстер басқармасы, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi, ауыл шаруашылық бөлiмi, жер қатынастары бөлiмi, Атбасарлық ОКЖ, аудандық аумақтық инспекциясы, «Казпошта» АҚ тапсырды.

Мақаланың шыққан күні:: 07.12.2016 17:17
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 07.12.2016 17:17
Қаралым саны: 3582

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Атбасар ауданы, Мариновка с., Женіс к-сі, 37

8 (71643) 5-11-22

arhiv_atbasar1@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71643) 5-11-09