A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Архив қызметінің маңызы, газета Атбасар № 35 от 01.12.2016

«Атбасар ауданының архивi» КММ — Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып қызмет атқаруда. Ауданымыздың барлық мекеме-ұйымдарында уақытша сақтау мен пайдалануды жүзеге асыратын ведомстволық архивтер бар. Архив қоры осы ведомствалық архивтердiң құжаттарымен толықтырылып отырады. Архивтiң жалпы аумағы 372 шаршы метрдi қамтитын 2 архив қоймасында мемлекеттiк және мемлекеттiк емес құжаттар сақталуда. 2016 жылқаңтардан бастап Атбасар ауданының мемлекеттiк архивi мемлекеттiк архивтiң кешендi дереккөздерi — Атбасар ауданының мемлекеттiк мекемелерi мен ұйымдарының тұрақты сақтаудағы — 609, жеке құрамы бойынша — 1044 құжаттарын мемлекеттiк сақтауға қабылдады.

Архивке келiп түскен құжаттардың сақталуына мемлекеттiк архивтiң директоры Абай Бағарұлы Ахметов, бас бухгалтер-архивист Людмила Ивановна Попрыжко, архивистер Татьяна Ивановна Шемургалкина және Рауфа Идрисовна Платонова өз үлестерiн қосып келедi.

Архвистердiң бас мiндетi мұрағат iсiн одан әрi жетiлдiру, архив қызметiнiң материалдық базасын нығайту, мұрағаттық құжаттардың сақталуын және пайдалануын қамтамасыз ету, тұрақты сақталу және жеке құрам бойынша құжаттармен мемлекеттiк архивтi жасақтау болып табылады. Архивистермен құжаттарды түптеу, қатырма қағазбен қаптау, мұқабаларын жаңарту және өшiп бара жатқан мәтiндердi қалпына келтiру, тағы да басқа жұмыстар жүргiзiлiп отырады.

Архив iсiнде азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiне сәйкес архивтiк анықтамалар, архив құжаттарының көшiрмелерi мен үзiндiлерiн беру маңызды болып саналады. Бұл iсте бiздiң тiкелей мiндеттерiмiздi нақтылайтын Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi турады» Заңдарының нормалары басшылыққа алынады. Ағымды кезеңде мемлекеттiк архивке ұйымдардан және Қазақстан азаматтарымен қоса алыс-жақын шетел азаматтарынан әлеуметтiк-құқықтық сипатта 781 өтiнiштер келiп түстi. Оның iшiнде электроны үкiмет порталы арқылы 315 өтiнiштер, мемлекеттiк корпорация (ХҚКО) арқылы — 9 өтiнiштер келiп түстi. Өтiнiштердiң көбiсi жалақыға, жұмыс өтiлiне, сонымен қатар оқуға, тұрған жерiне, нотариалдық әрекеттерге қатысты. Келiп түскен өтiнiштердiң барлығына уақытылы жауап берiледi.

Өтiнiш жасайтын тұлғаларға қойылатын талап — iзделiнетiн құжаттарды мазмұнына байланысты. Тұлғаның өтiнiшi, жеке куәләгә,мәселен жұмыс өтiлiне байланысты сұраныс жэасайтын болса. Онда еңбек кiтапшасының көшiрмесi талап етiледi.

Сонымен қатар, дәрiстер, дөңгелек үстелдер, мектеп оқушыларына сабақ-саяхаттар, айтулы күндерге көрмелер және басқа iс шаралар өткiзiледi.

Архивтiң қызметкерлерi Мариновка селосы тарихи-өлкетану мұражайының және селолық кiтапхананың қызметкерлерiмен бiрiгiп ҰОС-ғы Жеңiс күнiне және 8 наурызға арналған екi көрме ұйымдастырды.

2

2016 жылдың 20 қыркүйегiнде Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнде Мариновка орта мектебiнiң бiтiрушi (9, 11) сынып оқушыларына арналған сабақ-экскурсия өттi. Экскурсия болашақ мектеп бiтiрушiлердiң архивист мамандығына, архив құжаттарымен жұмысқа қызығушылығын туғызу мақсатында ұйымдастырылды.

Құжаттаманы жүргiзу және құжаттарды сақтау мәселелерi бойынша семинарлар ұйымдастырылып отырады. Ағымды кезеңде ауданның мекемелерi мен ұйымдарының басшыларымен және бас мамандарымен құжаттамалар қызметiнiң сұрақтары бойынша үш семинар-жиналыс және ХҚКО қызметкерлерiмен «Архивтiк анықтамаларлы беру» мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша бiр жиналыс өткiзiлдi.

Архивистер Т.Шемургалкина, Л.Попрыжко мент Р.Платонова дайындаған мақалалар «Простор» аудандық газетiнде жарияланды.

Мемлекеттiк архив қызметкерлерiнiң кәсiптiк бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында, қызметкерлер Ақмола облысы әкiмдiгi жанындағы «Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн жетiлдiру және қайта даярлау аймақтық орталығы» МККК бiлiктiлiгiн жетiлдiру курсына оқуға жiберiлiп отырады.

Келешекте Атбасар ауданының өңiрiнде дүниеге келiп, түрлi салада еңбек сiңiрген азаматтар жайлы деректер бар жеке құжаттарды жинау қарастырылып отыр. Осындай адамдар жайлы деректердiң архив қоймасында сақталуы маңызды болары анық. Ел мұрасын сақтау ұлағатты зор iс.

Осынау құжаттарды сақтап, оның сапалы толығуын қамтамасыз етуде архив қызметкерлерiне жауапкершiлiк жүктеледi.

Дайындаған: Гүлзат Қалиева «Атбасар ауданының

мемлекеттiк архивi» КММ архивисi

Жеке және заңды тұлғалар мұрағат қызметiн пайдалану бойынша өтiнiш бiлдiрiп, мұрағатымыздың қызметiн пайдалану мүмкiндiгiне ие болады. Ақпарат iздеп келген тұлғаға қатысты қойылатын талап — iзделiнетiн құжаттың мазмұнына байланысты. Мәселен, азамат жұмыс өтiлiне байланысты сұраныс жасайтын болса, онда еңбек кiтапшасының көшiрмесi талап етiледi.

Ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi уақыт аралығында мекемемiзге жергiлiктi тұрғындардан 263, ал шетелдiк азаматтардан 72 өтiнiш келiп түстi. Оның 286-сы қанағаттандырылса, ал 49 азаматтың өтiнiштерi мұрағатқа тапсырылмай қалған құжаттардың толық болмауына байланысты қанағаттандырылмай, мұрағат тарапынан жай ғана түсiнiк берiлдi. Келiп түскен өтiнiштердiң барлығына уақытылы жауап берiп отыруға тырысамыз.

Болашақта Атбасар ауданының өңiрiнде дүниеге келiп, түрлi салада еңбек сiңiрген азаматтар жайлы деректер бар жеке құжаттарды жинау қарастырылып отыр. Осындай адамдар жайлы деректердiң мұрағат қоймасында сақтауда болатыны маңызды болары анық. Ел мұрасын сақтау ұлағатты, маңызы зор iс.

Мұрағатқа келiп түскен мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелердiң құжаттарының сақталуына архивистер Шемургалкина Татьяна Ивановна, Платонова Рауфа Идрисовна және бухгалтер-архивист Попрыжко Людмила Ивановна өз үлестерiн қосып келедi. Архивистердiң басты мiндетi құжаттарды сақтау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету, яғни құжаттарды түптеу, қатырма қағазбен қаптау, мұқабаларын жаңарту және ескiрген мәтiндердi жаңарту тағы да басқа жұмыстар жүргiзiлiп отырады.

Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы мұрағат iсiн мемлекеттiк басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.

Мақаланың шыққан күні:: 19.04.2017 14:42
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 19.04.2017 16:05
Қаралым саны: 4666

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Атбасар ауданы, Мариновка с., Женіс к-сі, 37

8 (71643) 5-11-22

arhiv_atbasar1@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71643) 5-11-09