A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы 2022 жылғы есебi

28.02.2023 

1.Жалпы ережелер

1)Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер

2022 жылға арналған Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы есебiнде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтерi бойынша мәлiметтер енгiзiлген.

2) Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша ақпарат

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны: мемлекеттiк архивтер 1 мемлекеттiк қызмет түрiн көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерiн беру:

  1. көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;
  2. Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет «мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы;
  3. «электрондық үкiметтiң» www.e.gov.kz, веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет электрондық (iшiнара)/қағаз нысанда көрсетiледi.

Барлық мемлекеттiк қызметтер тегiн көрсетiледi.

2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттiк қызметтердiң саны 636 құрады:

  • «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы — 272;
  • веб-портал арқылы www.e.gov.kz – 120; — Қызмет берушiнiң кеңсесi арқылы (мемлекеттiк ахивтер) — 244.

Мемлекеттiк архивте «e-gov» өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы орнатылған. 

2.Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратқа қол жеткiзу көздерi мен орындары туралы мәлiметтер.

Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпаратты басқарманың және мемлекеттiк архивтердiң (21 архив) стендтерiнен алуға болады. Мемлекеттiк архивтердiң сайтында www.gov.kz сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414, 8 800 080 7777.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Басқарманың және мемлекеттiк архивтердiң қызметi туралы есептер басқарманың сайтында және әлеуметтiк желiлерiнде орналастырылады, онда әрбiр тұрғын есептердi қарап, түсiнiктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында 2022 жыл ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру бойынша 9 іс-шара өткізілді: 1) ХҚКО қызметкерлерімен Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2 семинар-кеңес және бір акция: "Мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық құжаттардың көшірмелері немесе мұрағаттық үзінді көшірмелер беру" мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша"Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау және көрсетілетін қызметті алушылардың заңды мүдделерін сақтау жөніндегі екінші семинар. Тамыз айында ХҚКО-ға келушілермен мұрағаттық анықтаманы қалай алуға болатындығы туралы халықты ақпараттандыру бойынша "мұрағат кеңес береді" акциясы өткізілді. 2) мемлекеттік органның (ведомстволық бағынысты ұйымның) қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша БАҚ — та сөйлеген сөзі — 4; 3) әлеуметтік желілерде: Instagram (бетте 1000 — нан астам жазылушы болған кезде) — 1; 4) тікелей эфирлер — 1.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет

1) 2022 жылы «электрондық үкiмет» порталы арқылы мемлекеттiк қызметтi орындау бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi:

2022 жылы «электрондық үкiмет» порталы арқылы 120 мемлекеттiк қызметi көрсетiлдi.

2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар.

2022 жылы мемлекеттік мұрағаттың 2 қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оқудан өтті. Оларға тиісті сертификаттар берілді.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2021 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету туралы шағымдар тiркелген жоқ.

5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтi алушылардың қанағаттануын арттыру.

Азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыс iстеуде, оның iшiнде қағазбастылық пен бюрократизм фактiлерiнiң жолын кесу, ашықтық саясатын қалыптастыру мақсатында кәсiби тәсiлдi қолдану, сондай-ақ ЭҮП арқылы «Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерi немесе архивтiк үзiндiлер беру» мемлекеттiк қызметiн алу туралы халықты хабардар ету («электрондық үкiмет» порталын танымал ету үшiн БАҚ, әлеуметтiк желiлер және т.б. арқылы халықты хабардар етудi жүргiзу).

Архив директоры А. Ахметов

 

Комментарии







Очистить данные формы


Мақаланың шыққан күні:: 28.02.2023 14:03
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.02.2023 14:11
Қаралым саны: 463

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Атбасар ауданы, Мариновка с., Женіс к-сі, 37

8 (71643) 5-11-22

arhiv_atbasar1@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71643) 5-11-09