A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Архивтің құрылу тарихы

Целиноград облыстық халық депутаттарының Кеңесi атқару комитетiнiң 1989 жылдың 25 қаңтардағы № 1/19 шешiмiне және Атбасар аудандық халық депутаттары Кеңесiнiң 1989 жылдың 26 қаңтардағы № 3 «Аудандық атқару комитетi жанындағы жеке құрамы бойынша шаруашылық есептегi архивтiң ұйымдастырылуы туралы» шешiмiне сәйкес Мариновка селосында Атбасар аудандық атқару комитетi жанындағы жеке құрамы бойынша шаруашылық есептегi архив құрылған болатын.

Ақмола облыстық әкiмшiлiгi басшысының 1992 жылдың 3 сәуiрдегi № 17 «Кәсiпорындар және ұйымдар жекешелендiретiн құжаттар мен архивтер сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы» шешiмiне және Ақмола облыстық әкiмшiлiгi архивтер мен құжаттамалар басқармасының 1993 жылдың 4 қаңтардағы № 1 «Аудан әкiмшiлiктерi жанындағы шаруашылық есептегi арихвтердiң аудандық мемлекеттiк архивтерiне қайта құрылу және жаңаларды құру туралы» бұйрығына сәйкес, Атбасар аудандық атқару комитетi жанындағы жеке құрамы бойынша шаруашылық есептегi архивi 1993 жылдың 4 қаңтарынан Атбасар аудандық мемлекеттiк архивiне қайта құрылған болатын.

13 қыркүйек күнi 1996 жылы Ақмола облысының әдiлет басқармасында архив Атбасар ауданының мемлекеттiк архивi деп тiркелген болатын.

8 сәуiр күнi 1999 жылы архив Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар бөлiмiнiң «Атбасар ауданының мемлекеттiк архивi» мемлекеттiк мекемесiне қайта тiркелдi.

2008 жылдың 16 маусымдағы № 67-1902-04-ММ заңды тұлғаның мемлекеттiк қайта тiркеу туралы куәлiгiне сай архив Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттiк архивi» мемлекеттiк мекемесi деп қайта аталды.

2016 жылдың 08 маусымдағы № 960940000487 заңды тұлғаның мемлекеттiк қайта тiркеу туралы куәлiгiне сай архив Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттiк архивi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi деп аталды.

2016 жылдың 1 қаңтары жағдайына мемлекеттiк архивте 159 қор есептелуде, олардың құрамында 36567 iс саналады, соның iшiнде: басқарушылық құжаттаманың 13663 iс және жеке құрамы бойынша 22904 iс.

Мемлекеттiк архив Атбасар ауданы ұйымдары, кәсiпорындары мен мекемелерiнiң және жартылай 1926-2011 жылдарғы бұрынғы Мариновка ауданының құжаттарын сақтайды.

2

Олардың аса құнды Атбасар ауданы селолық Кеңестерiнiң қорлары болып табылады, Атбасар ауданы селоларының халқының тұруы мен ұлттық құрамы, әлеуметтiк-экономикалық дамуы, бiлiм беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерiнiң қызметi туралы мәлiметтер алуға мүмкiндiк беретiн.

Мемлекеттiк архив құжаттары негiзiнде мекемелерден, ұйымдардан, кәсiпорындардан және жеке тұлғалардан түсетiн, тақырыптық және әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұраулар орындалады.

Сонымен бiрге мемлекеттiк архивте Атбасар және бұрынғы Мариновка аудандарының жабылған кәсiпорындары, мекемелерi, ұйымдарының жеке құрамы бойынша құжаттары сақталуда.

Архивтiң негiзгi мiндеттерi:

- Ұлттық мұрағат қорына жататын және Атбасар ауданының аймағындағы құжаттар кешендерiнiң мемлекеттiк орталықтандырылған есебiн жүргiзу;

- құжаттардың мемлекеттiк құндылық сараптамасын ұйымдастыру олардың сақтау мерзiмдерiн анықтау мақсатында;

- құжаттау мен құжаттаманы басқару бойынша аудан ұйымдарына әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсету;

- архивтiң толықтыру көздерi және әлеуеттi көздерi — ұйымдарының есебiн жүргiзу;

- ережелерге сәйкес, ретке келтiрiлген құжаттарды сақтауға қабылдауын жүзеге асыру;

- қабылданған құжаттардың толық сақталуын және есебiн жүзеге асыру және т. б.

Мақаланың шыққан күні:: 30.12.2016 11:10
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.12.2016 11:10
Қаралым саны: 5191

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Атбасар ауданы, Мариновка с., Женіс к-сі, 37

8 (71643) 5-11-22

arhiv_atbasar1@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71643) 5-11-09