A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Архивтегі селолық округі әкімі аппараттарымен өткізілген семинар

2017 жылдың 13 сәуiрiнде Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнде ауданның селолық округтерi жетекшiлерiнiң және мамандарының қатысуымен семинар-жиналыс болып өттi. 15 селолық округтiң iшiнен 11 округтiң 21 мамандары семинарға қатысты. Архив директоры А.Б.Ахметовтiң «Ведомствалық архивтердегi құжаттардың есебiн және сақталуын қамтамасыз ету, оларды өңдеу және мемелекеттiк сақтауға өткiзу туралы» тақырыбы бойынша баяндамасын барлық қатысушылар мұхият тыңдады. Мемлекеттiк сақтауға құжаттарды дайындауға және тапсыруға жауаптылықпен қараған селолық округтерiнiң әкiмдерiн архив директоры өзiнiң баяндамасында атап өттi. Бұл Шұңқыркөл, Покровка, Бастау, Мариновка селолық округтерi, олар 2010 жылы бойынша құжаттарын тапсырды. Аталған ұйымдардың 1994-2010 жылдар аралығы бойынша құжаттарының жоғалуы да аз көлемде, себебi ұйымдағы архивтiк құжаттардың ведомствалық есебi «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын ведомстволық және жеке меншiк архивтердiң қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидалары» негiзге алынып жүргiзiледi.

Семинар барысында жылдар өтiп жатса да, мемлекеттiк сақтауға өткiзуге құжаттарын дайындауға уақыттары мен ынталары болмай жүрген селолық округi мамандарының сөздерi де тыңдалды. Осындай селолық окрутер аз емес. Қазiргi уақытта округтерге 2011 жыл бойынша тұрақты сақтаудағы құжаттарын өткiзулерi керек, кейбiреулерi тiптi 1994 жылға дейiнгi құжаттарында тапсырмаған. Ал бұл құжаттардың жоғалуына немесе заңсыз жойылуына апарады, ал бұл дегенiмiз мекеме жетекшiлерiне әкiмшiлiк жауаптылық — нысанның статусына байланысты 10, 20 немесе 40 АЕК көлемiнде.

Шұңқыркөл селолық округiнiң әкiмi Валитова С.А. сөйлеген сөзiнде семинарға қатысушыларға архивтiк құжаттардың есебiн жүргiзуде мiндеттiлiк жүктеуге ұсыныс жасады, жылдың соңында әр бiр маман өздерi жүргiзiп отырған құжаттарын iс номенклатурасына сәйкес, уақытылы тiгiп, ұйымның құжаттары ведомствалық сақталуы үшiн жауапты округтегi маманға тапсырулары керек. Құжаттарды ведомствалық сақтау үшiн округтен арнайы орын дайындап, құжаттардың одан әрi жоғалуының, жойылуының алдын алу қажет.

Сонымен қатар семинар барысында Бастау селолық округiнiң әкiмi Исманов К.Т., мемлекеттiк архивтiң мамандары сөз сөйледi.

Архив директорының баяндамасын талқылау бойынша қорытынды бөлiкте селолық округi әкiмiнiң аппараттары әр тоқсан сайын Атбасар ауданының әкiмi аппаратының жетекшiсiне және Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнiң директорына мемлекеттiк сақтауға тапсыруға құжаттарды дайындау барысы туралы ақпарат беретiндiктерi жайлы шешiм қабылдады.

Семинар жалғасында архивистер селолық округтiң мамандарына ғылыми-анықтамалық дайындау (iс тiзбенi, құжаттарды жою актiнi, тарихи анықтаманы құру), iстердi қалыптастыру, тiгу, мұқабаларды рәсiмдеу бойынша практикалық сабақ өткiздi.

Мемлекеттiк архивтiң директоры А.Ахметов семинар соңында қонақтарға архив ғимараты бойынша таныстыру экскурсиясын жүргiздi, оның тарихын айтып, мемлекеттiк сақтауда тұрған құжаттардың құрамдарымен таныстырып өттi.

Семинарға қатысушылар өткiзiлген семинар туралы жақсы пiкiрлерiн айтып, осындай iс-шаралар үнемi өткiзiлсе деген өтiнiштерiн бiлдiрдi.

Протокол (PDF 2733 Kb)

Мақаланың шыққан күні:: 19.04.2017 10:23
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 19.04.2017 10:49
Қаралым саны: 3540

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Атбасар ауданы, Мариновка с., Женіс к-сі, 37

8 (71643) 5-11-22

arhiv_atbasar1@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71643) 5-11-09