A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
«Атбасар ауданының Мемекеттік мұрағаты» Мемлекеттік Мекемесінің 2016 жылға арналған жоспары

1. Кiрiспе.

2016 жылда Атбасар ауданының Мемекеттiк мұрағатының барлық қызметi мұрағаттық iстi бұдан әрi дамыту мен жетiлдiруге, Ұлттық мұрағаттық қор құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, сақталудағы құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппаратын құру мен жетiлдiруге, оларды жан-жақты қолдануға, сонымен қатар iстелiнетiн жұмысты ғылыми-материалдық қамтамасыз етуге бағытталады.

Мақалалар, ақпараттық құжаттар, фотоқұжаттық көрмелердiң тақырыптама-экспозициялық жоспарларын, семинар-жиналыс жоспарларын, жылдық маңызды және айрықша күндердiң күнтiзбесiн дайындау, ведомстволық мұрағаттармен дайындалған iстердiң тiзiмдемесi мен iстердiң номенклатурасын мұрағаттың сараптама комиссиясының отырыстарында қарастыру жоспарлануда.«Ақмола облысының мұағаттық қызметi» атты кiтабын жарыққа шығару бойынша құжаттарды дайындау жұмыстары жүрiзiлетiн болады.

2. ҚР ҰМҚ құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету мен мемлекеттiк есеп жүргiзу.

Мемлекеттiк сақталудағы құжаттардың сақталуын және есеп жүрiзуiн қамтамасыз ету мақсатында мұрағаттың материалды-техникалық базасы мен техникалық жабдықтауын нығайту бойынша жұмыстар жүргiзiлетiн болады

Қағаз негiзiндегi сақталудағы құжаттардың 260 бiрлiгiнiң физикалық жағдайы дұрысталады, оның iшiнде 140 парақ қайта қалпына келтiрiлдi. Бұл № 5 Мариновка НҚП (156 iс), № 6Мариновка ҚАШТ АБ (104 iсi) қорлары.Қағаз негiзiнде 150 сақатау бiрлiгiн құрайтын құжаттар тiгiлдi — «Атбасар РТИ КТИ АК МСХ РК» ММ(Терком) және Ленина атындағы колхоз құжаттары.

№ 6 Мариновка ҚАШТ АБ (104 iсi) қорының құжаттарының бар болуын және жағдайын тексеру жұмыстары жүргiзiлетiн болады.

1540 iстi картондау жоспарлануда. Оларға 2016 жылғы жоспар бойынша мемлекеттiк мұрағатқа сақталуға қабылданатын құжаттармен қатар, мұрағатта картондалмаған күйiнде сақталудағы iстер жатады.Өшiрiле бастаған 45 парақтағы мәтiндер, Ленин атындағы кохоз қорының құжаттарын қалпына келтiру белгiленген.2016 жылда Мемлекеттiк мұрағатта сақталудағы өңдеуден өтпеген және де iстердiң тiзiмдемесi құрылмаған құжаттардың құндылығын сарпатау мен өңдеу жұмыстарын жүргiзу белгiленген. Аталған жұмыс түрлерiмен бiрiншi және екiншi тоқсандарда 1994-2010 жылдар аралығындағы Ленин атындағы колхоздың «Атбасар РТИ КТИ АК МСХ РК» ММ, екiншi тоқсанда 1944-2008 жылдараралығындағыАтбасарлық СЭС,екiншi тоқсанда 1994-2008 жылдар аралығында «Надежда» баспанасы, екiншi тоқсанда 2004-2009 жылдар аралығында Атбасарлық тубдиспансер, үшiншi тоқсанда 1987-2005 жылдар аралығындағы Атбасарлық аудандық Бтиiлiм беру бөлiмi, екiншi тоқсанда 1957-1997 жылдар аралығындағы Атбасарлық кинобейне қызмет көрсету қамтылатын болады.

Сонымен қатар 2006 жылға дейiн өңделмеген түрде аудан мұрағатына қабылданған құжаттарды ретке келтiру және де оларға ғылыми анықтамалық аппарат құру жұмыстарын жүргiзу жалғастырылады

«Марденов К.А.» ЖК қызметi әр ай сайын мұрағат қоймасы мен қосалқы үй-жайды дезинфекциялау мен дезинсекциондық жұмыстарды жүргiзетiн болады.

Тоқсан сайын санитарлық күндердi өткiзу, қоймада қажеттi температуралық-ылғалды режимдi ұстап тұру жоспарлануда. 2016 жылдың мамыр, маусым айларында мұрағат ғимаратының қасбетiне ремонт жұмыстарын жүргiзу жоспарлануда.

3. ҚР ҰМҚ құру. Мекемелер мен кәсiпорындардың iс қағаздарын жүргiзуде құжаттарды ұйымдастыру және ведомстволық мұрағаттарға ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық ету.

Осы бағыттаҚР ҰМҚ құжаттарының сапалы түрде құрылуына, мемлекеттiк сақталудағы құжаттарды iрiктеу сапасын жоғарлатуға ерекше көңiл бөлiнедi.

Басқарушылық құжаттама бойынша 631 iс және де жеке құрам бойынша 652 iстi қабылдау жоспарлануда (жойылған және таратылған ұйымдар).

1994-2008 жылдар аралығындағы Полтавка ауылдық округiнiң, 1994-2009жылдар аралығындағы Сепе ауылдық округiнiң, 1987-2005жылдар аралығындағы Атбасар ауданы Бiлiм беру бөлiмiнiң құжаттары қабылданады. Сонымен қатар жыл бойы әкiмдiкпен келiсiлген құжаттарды қабылдау кестесiне сәйкес мекемелерден, кәсiпорындар мен ұйымдардан мемлекеттiк сақталуға құжаттарды қабылдау жүрiзiледi.

Iстердiң номенклатурасы мен сараптама комиссия туралы ереженi құруда бес мекеме мен ауылдық округтерiне әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету жоспарлануда:

1. «Атбасар ауданы Бiлiм беру бөлiмi» ММ

2. «Балалар музыкалық мектебi» МКҚК

3. «Атбасар ауданы Заң басқармасы» ММ

4. «Атбасар ауданы Мал дәрiгерлiгi бөлiмi» ММ

5. «Атбасар ауданы бойынша Салық басқармасы» ММ

6. Аылдық округтерiнiң әкiмдiктерi

Келесi тақырыптарға құжаттамалық қызмет бойынша 2 семинар-мәжiлiс өткiзiлетiн болады:

1. Атбасар ауданы мемлекеттiк мұрағатын толымдау көздерi — ведомстволық мұрағаттар мен ұйымдарда уақытша сақталудағы ҚР ҰМҚ-ның құжаттарын орталықтандырылған есепке алуды жүргiзу.

2. Жаңа «Сақтау мерзiмдерiн көрсете отырып, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар қызметiнде жасалатын үлгiлiк құжаттар тiзбесiне» (2015 жылғы ҮЕ) сәйкес iстердiң номенклатурасын қалыптастыру мен iстердi сақтау.

3. Жоспарға сәйкес 2016 жылы аудандық мұрағаттың толымдау көздерi болып табылатын ұйымдарды төлқұжаттау жұмыстары жүргiзiледi, төлқұжаттауды жүргiзу бойынша мекеме жетекшiлерге хаттар жазылады, электрондық мекен-жай мен

пошта арқылы жiберiлiп, сонымен қатар семинар кезiнде таратылатын ведомстволық мұрағаттар төлқұжаттарының нысандары құрастырылады.

Ведомстволық мұрағаттармен төлқұжаттарды толтырудың нәтижелерi бойынша аудан мемлекеттiң мұрағаттың жиынтық төлқұжаты құрастырылады.Жыл бойы ведомстволық мұрағаттарға iстердiң номенклатурасын жетiлдiруде, жеке құрам бойнша тұрақты сақталудағы құжаттарды өңдеуде, iстерiң тiзiмдемесiн (ғылыми-анықтамалық аппаратты), практикалық мәнiн жоғалтқан уақытша сақталудағы құжаттарды жоюға бөлу актiлердi құрастыруда практикалық және әдiстемелiк көмек көрсетiледi.

4. Ақпараттық-iздестiру жүйелерiн құру, ғылыми ақпарат пен құжаттарды қолдану.

2016 жылда мұрағаттық құжаттарды дәрiптеу, азаматтар мен заңды тұлғалардың әлеуметтiк-құқықтық, тақырыптық және де басқа сұраулары бойынша заңды мүдделерi мен құқықтарын жүзеге асыру үшiн мұрағаттық құжаттарды пайдалану бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

Қазақстан және Атбасар ауданы тарихындағы маңызды әрi айрықша күндерге орай келесi тақырыптар бойынша көрмелер мен стендтер дайындалатын болады:

1. Көктем мерекесi Наурызды тойлауға арналған «Наурыз және түрк дәстүрлерi».

2. Ұлы Отан соғыстың 71 жылдығына орай арналған «Жеңiмпаз жауынгерлерге құрмет!».

3. Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай «Бейбiт пен келiмiсде өмiр сүру».

Iс-шаралар Мариновка ауылының мәдениет бөлiмiнiң мекелерi мен тарихи-өлкетану мұражайымен бiрге өткiзiлетiн болады.

Мариновка ауылының үлкен сыныптарында оқитын оқушыларға Атбасар ауданы мұрағатының жұмысымен таныстыру, оның мағыздылығын түсiндiру мен дәрiптеу мақсатында бiр экскурсия ұйымдстырылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету стандартымен реттелетiн «Мұрағаттық анықтама беру» сұрауларына ерекше көңiл бөлiнетiн болады. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшiн бiрiншi тоқсанда әлеуметтiк-құқықтық және де басқа сипаттағы сұрауларды орындаудағы мұрағат жұмысы бойынша, электронды үкiмет порталы арқылы мұрағаттық анықтамаларды алудың артықшылықтары туралы аудандық «Простор» газетiне мақала басып шығару жоспарлануда.

ХККО-да өтiнiштердi рәсiмдеу кезiнде қателердi жiбермес үшiн жеке тұлғалар өздерiнiң өтiнiштерi мен сұрауларын дұрыс рәсiмдеу мақсатында ХККО-ның қызметкерлерiмен жұмыстар жүргiзу.

2016 жылы 2017 жылға арналған Атбасар ауданы бойынша маңызды және айрықша күндердiң күнтiзбесiн дайындау жоспарлануда.

Атбасар ауданы мұрағатының сайтын құру, рәсiмдеу мен толықтыру бойынша жұмыс жүргiзiлетiн болады. Сайттың барлық материалдары мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде дайындалатын болады.

5. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Қызмекерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында мұрағаттық iс мәселелерi бойынша нормативтi-құқықтық актiлердi жан-жақты оқып бiлу үшiн әр тоқсан сайын мәжiлiстер өткiзiледi, осы бағытта жетекшi тәжiрибе зерделенедi.

Әр ай сайын оперативтi мәжiлiстерде жұмыс жоспарының кезектегi және айлық көрсеткiштерiн орындау барысы туралы есептерiн тындау. Мұрағаттар мен құжаттаманы басқармасымен өткiзiлетiн мұрағаттық iс бойынша мұрағатшылардың семинарларға қатысуы жоспарлануда.

«Атбасар» және «Простор» газеттерiнде мақалалар мен ақпаратты жариялау жұмыстары жалғастырылады, сонымен қатар осы бағытта мұрағаттың iс қағаздарын жүргiзуi мен мұрағат жұмысын түсiндiру бойынша 4 мақала дайындалады.

Алдыға қойылған жұмыстарды орындау үшiн мұрағатшыларға жұмыс жасау үшiн барлық қолайлы жағдайларды, соның iшiнде материалдық және техникалық жағдайларды жасау керек.

Мақаланың шыққан күні:: 18.07.2016 11:55
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 18.07.2016 11:55
Қаралым саны: 4713

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Атбасар ауданы, Мариновка с., Женіс к-сі, 37

8 (71643) 5-11-22

arhiv_atbasar1@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71643) 5-11-09