A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Архивтегі экскурсия-сабақ газета Атбасар 24.11.2017

Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнiң қызметкерлерi болашақ мектеп бiтiрушi оқушыларға арнап экскурсия-сабақ өткiзудi дәстүрге айналдырған. Осы мақсатта 2017 жылғы 12 қазанда Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiне архив қызметкерлерiнiң шақыруымен Мариновка қазақ орта мектебiнiң 11 «а»-сынып оқушылары және сынып жетекшiсi Берден Қайрат Құндақбайұлы қонаққа келдi. Бұл шара жоғары сынып оқушыларының архивист мамандығына, архив құжаттары мен жұмысқа назарын, құштарлығын, қызығушылығын аудару мақсатында мемлекеттiк архивтiң басшылығының бастамасы бойынша ұйымдастырылған болатын. Архив қызметкерлерi мектеп оқушыларын мекеме есiгiнiң алдынан қарсы алып, бiрiншi қабатта орналасқан архив қоймаларына экскурсия және құжаттармен жұмыс iстейтiн бөлмелердi көрсетуден бастап кеттi. Архивист маман таныстыру барысында архивтiң құрылу тарихына да азды-көптi тоқталып өттi. Архивтiң құрылу тарихымен таныстырған соң болашақ мектеп бiтiрушi түлектерге құжаттарды жаңарту және тазалауға арналған жұмыс кабинеттерi көрсетiлiп, оларға ұзақ сақталу үшiн iстердiң қалай тiгiлiп, рәсiмделетiнi көрсетiлдi. Одан әрi архив қоймаларына экскурсия жасалды, оқушылар ұзаққа тұрып, бөгелiп, қойма iшiн аралап, тамсана қарады. Мектеп оқушыларына, әсiресе, ондаған метрлiк стеллаждар, құжаттар салынып қойылған қораптар қызықтырып, қатты әсер қалдырды. Осы қораптағы құжаттар жайлы және олардың маңыздылығы туралы архив қызметкерлерi оқушыларға түсiнiктi етiп айтып өтiп, олардың қойған сұрақтарына жауап бердi.

1942 — 1945 жылдардағы құжаттар, жеке құрамы бойынша бұйрықтар, қоныс аударушылар (немiстер, шешендер т.б.) жайлы мәлiметтер, 1946 — 1950 жылдардағы селолық Кеңестiң шаруашылық кiтаптары оқушылардың айқын қызығушылықтарын туғызды. Мектеп бiтiрушi оқушылар архивистердiң архивтiк анықтамаларды қалай жасайтынымен де танысты.

Одан соң архивтiң екiншi қабатына көтерiлген оқушыларға архив директоры мен архивист мамандардың жұмыс iстейтiн бөлмелерi, оқу залы көрсетiлдi. Оқушыларға әсiресе, оқу залындағы 1942 — 1978 жылдар аралығындағы ұзақ сақталған газеттер үлкен әсер қалдырды. Әрбiр оқушы оны ұзақ қарап, таң қалып, тамсанды. Олар газет беттерiн парақтап, ондағы жазуларды көрдi. Оқу залындағы қатар-қатар тiзiлiп тұрған орындықтарға жайғасқан оқушылармен архив директоры Ахметов Абай Бағарұлы әңгiме өткiздi. Тарихы бар мемлекеттiк архив  — халық үшiн қызмет етiп жатқан саланың бiрi, Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнде ауданның ұйымдары мен мекемелерiнен алынған құжаттар бiрнеше жылдар бойы сақталандығы жайлы айтып өттi. Оқушылар экскурсия-сабақтан алған әсерлерiмен бөлiсiп, архив басшысына, архив мамандарына көкейлерiндегi, көңiлдерiндегi сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Болашақ мамандықты дұрыс таңдау — салмақты да жауапты қадам болып саналады. Сол себептi де сұрақ-жауап барысында мүмкiн осы өткiзген эккурсия-сабақ оқушылардың болашақта осы мамандықты таңдауына ой салар деген ниетпен аса зор үмiт артылды№ Әрине, мамандықты дұрыс таңдау әр оқушының өз еркiнде.

Архив қызметкерлерiнен оң жауаптарын алған мектеп оқушылары архив қызметкерлерiне алғыстарын жаудырып, қош айтысып, үйлерiне тарасты. Қоштасарда архив қызметкерлерi мектеп бiтiрушi 11-сынып оқушыларының болашақта осы мамандықты таңдауына үмiт артып, зор алғыстарын айтысты, оқуды жақсы аяқтап, алдағы келе жатқан мемлекеттiк емтихандар мен ұлттық бiрыңғай тестiлеудi жақсы тапсырып, сынақтардан құламай өтудi тiлеп, зор ризашылықтарын бiлдiрiп, оқушыларды шығарып салды.

«Атбасар ауданының мемлекеттiк архивi» КММ
архивист Гүлзат Қалиева

Мақаланың шыққан күні:: 28.11.2017 15:11
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.11.2017 15:11
Қаралым саны: 4400

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Атбасар ауданы, Мариновка с., Женіс к-сі, 37

8 (71643) 5-11-22

arhiv_atbasar1@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71643) 5-11-09