A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Сабақ-экскурсия

20 қыркүйекте Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнде әдеттен тыс шуыл мен адам толы болды. Архивтiң қызметкерлерiне Мариновка орта мектебiнiң болашақ түлектерi, 9 және 11 сынып оқушылары қонаққа келдi. Бұл шара жоғарғы сынып оқушыларының архивист мамандығына, архив құжаттарымен жұмысқа назарын, қызығушылығын аудару мақсатында мемлекеттiк архивтiң басшылығының бастамасы бойынша ұйымдастырылған болатын. Болашақ мектеп бiтiрушiлерге экскурсия-сабақты архив қызметкерлерi өткiздi. Архивтiң құрылу тарихына арналған аздаған экскурсиядан кейiн қонақтарға құжаттарды жаңарту және тазалауға арналған жұмыс кабинеттерi көрсетiлдi, одан әрi балалар ұзақ сақталу үшiн iстердiң қалай тiгiлiп және рәсiмделетiнiң көрiп, архив қоймандарында ұзаққа бөгелдi. Әсiресе бiздiң мектеп бiтiрушiлерiмiзге ондаған метрлiк стеллаждар, қойылған құжаттар салынған қораптар әсер қалдырды. 1942-1945 жылдардағы құжаттар, атап айтқанда кiтап және газет беттерiне жазылған Спаскiлiк МТС жеке құрамы бойынша бұйрықтары, арнайы қоныс аударушылардың (италяндықтар, немiстер, шешендер) 1946-1950 жылдардағы селолық Кеңестiң шаруашылық бойынша кiтаптары балалардың айқын қызығушылықтарын туғызды. Балалар бiздiң архивистер қалай архивтiк анықтамалар жасайтынымен де танысты. Оқушылар экскурсия уақытында қойған барлық сұрақтарына архивтiң қызметкерлерiнен толық жауаптарын алды.

Бiздiң сабағымыз балалар үшiн бекерге болып қалмас деген үмiтте болғымыз келедi. Болашақ мамандықты дұрыс таңдау — салмақты және жауапты қадам. Мүмкiн бiздiң сабақ олардың бiреуiнiң дұрыс таңдау жасауына көмек жасар

Мақаланың шыққан күні:: 22.09.2016 17:54
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 22.09.2016 17:54
Қаралым саны: 3565

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Атбасар ауданы, Мариновка с., Женіс к-сі, 37

8 (71643) 5-11-22

arhiv_atbasar1@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71643) 5-11-09