A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Экскурсия-сабақ

12 қазанда Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнде жыл сайынғы дәстүрге айналған экскурсия-сабақ өткiзiлдi. Бұл жолғы қатысушылар Мариновка қазақ орта мектебiнiң 11 а сынып оқушылары, болашақ мектеп түлектерi және олардың сынып жетекшiлерi Берден Қайрат.

Архив қызметкерлерi қатысушыларды архив есiгiнiң алдынан қарсы алып, бiрiншi қабатта орналасқан архив қоймаларына экскурсия және құжаттармен жұмыс жасайтын бөлмелердi көрсетуден жасаудан бастап кеттi. Оқушыларды ұзын стеллаждар мен ондағы жиналған құжаттар салынған қораптар өте қызықтырды. Осы қораптағы құжаттар жайлы және олардың маңыздылығы туралы архив қызметкерлерi оқушыларға айтып өтiп, олардың қойған барлық сұрақтарына жауап бердi.

Екiншi қабатқа көтерiлген оқушыларға архив директоры мен архивист мамандардың жұмыс бөлмелерi, оқу залы көрсетiлдi. Әсiресе оқушыларға оқу залындағы 1942-1978 жылдар аралығындағы газеттер үлкен әсер қалдырды. Олар газеттер беттерiн парақтап, ондағы жазуларды көрдi. Оқушылар оқу залында ұзақ бөгелiп, сұрақтары мен алған әсерлерiн айтты. Архивистерден оң жауаптарын алған оқушылар архив қызметкерлерiне алғыстарын айтып қоштасты. Архивистерде оқушыларға алғыстарын айтып, алдағы келе жатқан мектеп бiтiру сынағын жақсы тапсыруды тiледi.

Мақаланың шыққан күні:: 24.10.2017 16:19
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.10.2017 16:19
Қаралым саны: 3359

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Атбасар ауданы, Мариновка с., Женіс к-сі, 37

8 (71643) 5-11-22

arhiv_atbasar1@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71643) 5-11-09