A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
«Ұлы ДАЛА ЕЛІ - Тәуелсіздіктің 25 негізі»

Осындай ұранмен барлық республика бойынша «Тәуелсiздiктiң 25 шыңы»

жалпы республикалық акция шегiнде шаралар өткiзiлуде. Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнiң ұжымы да Қазақстанның Тәуелсiздiгiнiң осы үлкен мерей тойын тойлауда шетте қалмады.

2016 жылғы 21 қарашада мемлекеттiк архивтiң ұжымы балалар кiтапханасындағы ашық сабаққа шақырылды. Онда селолық кiтапхананың мамандары Қазақстан Республикасының негiзгi Заңы– Ата Заңының құрылу тарихы және оның негiзгi ережелерi жайлы айтып бердi.

2016 жылғы 23 қарашада Атбасар ауданының архивiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi бойынша шағын көрме ұйымдастырылды. Селолық және балалар кiтапханасының, музейдiң мамандары қатысушыларға ел таңба, ту, елiмiздiң ән ұраны туралы қызықты түрде айтып бердi және мемлекеттiк рәмiздердiң шығу тарихына экскурсия жасады.

2016 жылғы 30 қарашада мемлекеттiк архивтiң директоры А.Ахметов архивтiң жұмыскерлерiне «Қазақстан мемлекетiн құруда ҚР Тұңғыш Президентiнiң — Ұлттық көшбасшы Н.А. Назарбаевтың тарихи ролi» тақырыбында лекция оқыды. Барлық шаралардың басында және соңында барлық қатысушылармен Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалды.

Мақаланың шыққан күні:: 02.12.2016 10:05
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.12.2016 10:05
Қаралым саны: 3113

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Атбасар ауданы, Мариновка с., Женіс к-сі, 37

8 (71643) 5-11-22

arhiv_atbasar1@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71643) 5-11-09