A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
2017 жылдың 1 тоқсанында «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ орындаған жұмыс жоспарының негізгі бағыттары туралы есепке түсіндірме жазба

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттiк есебi.

2017 жылдың 3 айында Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнде 149 iстiң табиғи жағдайын жақсарту бойынша жұмыстары жүргiзiлдi. Iстердiң табиғи жағдайларын жақсартуға «Атбасар ауданының бiлiм бөлiмi» (125 iс) № 50, «Родина» колхозы (5 iс) № 23, «Атбасарский ГПЗ» совхозы (7 iс) № 45, «Атбасарлық АПБЖ» (1 iс) № 187, «Покровка селолық Кеңесi» (2 iс) № 77, «Красный Маяк» совхозы (1 iс) № 119, «Мариновская ПМК-9» (4 iс) № 63, «Атбасар аудандының ауруханасы» (1 iс) № 59, «Адыр элеваторы» (1 iс) № 3, «Новая Жизнь» колхозы (4 iс) № 79 қорларының құжаттары тартылды.

18 парақтағы өшiп бара жатқан мәтiндер қалпына келтiрiлдi. Ондағы 9 парақ — «Красная Заря» колхозы № 97, 6 парақ — «Адыр элеваторы» № 3, 1 парақ — «Южный» совхозы № 137, 2 парақ — «Атбасарский ГПЗ» № 45 қорлардың құжаттары.

623 iс қорапқа салынды, оның iшiнде «Покровка селолық округi әкiмiнiң аппараты» № 143 қордың 142 iсi, «Мариновка селолық округi әкiмiнiң аппараты» № 87 қордың 202 iсi, «Сепе АҚ № 123 қордың 53 iсi, «Мариновкалық резервтiк базасы» № 6 қордың 44 iсi, «Мариновкалық ауданаралық туберкулезге қарсы ауруханасы» № 188 қордың 84 iсi, «Атбасарлық ауданаралық туберкулезге қарсы ауруханасы» № 146 қордың 98 iстерi.

217 iс — (Атбасар селолық Кеңесi) № 109 қордың № 1 тiзбе құжаттарының саны мен жағдайы тексерiлдi.

1941-1990 жылдардың 854 сақ.бiрл. енгiзiлген «Атбасарский ГПЗ» совхозы № 45 қорының жеке құрамы бойынша iс тiзбесi жетiлдiрiлдi. Аталған тiзбе архивтер және құжаттамалар басқармасының СТӘК-мен бекiтiлдi.

ҰАҚ қалыптастыру. Құжаттарды толықтыру және олардың құңдылығының сараптамасы.

Ағымды жылдың бiрiншi тоқсанында архивке ауданның мекемелерi мен ұйымдарынан 384 iстер, оның iшiнде үнемi сақтаудың 234 iсi және жеке құрамы бойынша 150 iсi қабылданды. Барлық мемлекеттiк сақтауға қабылданған құжаттар ведомствалық сақтау кезеңiнде құңдылық сараптамасынан өткiзiлген.

Архив қызметкерлерi ведомствалық архивтердiң жұмысшыларына сақтау мерзiмi өткен құжаттарды реттеу мен өңдеу кезiнде практикалық көмек және кеңестер көрсеттi. Өңделген және құңдылық сараптамадан өткен құжаттардың iс тiзбелерi жасалды: «Мариновка ауданаралық туберкулезге қарсы ауруханасы» МКҚК 2011-2016 жылдары бойынша тұрақты сақтаудың 34 iстерiне және жеке құрам бойынша 50 iстерiне; «Атбасар ауданаралық туберкулезге қарсы ауруханасы» МКҚК 2011-2016 жылдары бойынша тұрақты сақтаудағы 39 iстерiне және жеке құрам бойынша 59 iстерiне; «Мариновка селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ 2002-2010 жылдары бойынша тұрақты сақтаудағы 161 iстерiне және жеке құрам бойынша 41 iстерiне.

Бiрiншi тоқсанда Ақмола облысының құжаттамалар және архивтер басқармасының СТӘК-мен келiсiлiп және бекiтiлген iс тiзбелерiндегi барлық iстер, тұрақты сақтаудың 234 iстерi және жеке құрамның 150 iстерi. 2017 жылдың наурызында басқарманың СТӘК-на «Сепе» АҚ жеке құрамы бойынша (53 сақ.бiрл) iс тiзбесi жiберiлдi. Сондай-ақ ағымды кезең бойынша «Новоалександровка селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ құжаттары өңделiп және құңдылық сараптамасынан өткiзiлдi, аталған қорға 110 iске № 1 iс тiзбесi, 37 iске № 1-л iс тiзбесi жасалды. «Сепе» АҚ және «Новоалександровка селолық округi әкiмiнiң аппарты» ММ-нiң iс тiзбелерi құжаттамалар және архивтер басқармасының СТӘ келiсiмi мен бекiтуiне жiберiлдi.

Архив қызметкерлерi аудан әкiмi бекiткен кестеге сәйкес ауданның мекемелерi мен ұйымдарынан құжаттарды қабылдау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Бiрiншi тоқсанда Атбасар ауданы әкiмiнiң аппаратының, Тельман, Шұңқыркөл, Ново-Александровка, Борисовка, Егiндiкөл, Полтавка, Мариновка, Макеевка селолық округi әкiмi аппараттарының, «Атбасар ауданының мәслихаты аппараты» ММ, «Атбасар ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi, автокөлiк жолдары және баспана инспекциясының бөлiмi» ММ, «Орталықтандырылған кiтапханалар жүйесi» ММ, «Тiлдердi дамыту және мәдениет бөлiмi» ММ және т.б. мекемелердiң iс номенклатуралары мен ведомствалық архивтер мен сараптау комиссиялары туралы ережелерi келiсiлдi.

Құжаттамалар қызметi бойынша 3 шағын семинар-жиналыс және «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша 1 жиналыс ХҚКО қызметкерлерiмен өткiзiлдi.

Архив ғимаратында өткiзiлген құжаттармен жұмыс жүргiзушi аудан мекемелерiнiң мамандарына арналған шағын семинар-жиналыс өткiзу кезiнде мемлекеттiк сақтауда тұрған құжаттармен таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

Құжаттарды пайдалану және жариялау.

Ағымды жылдың үш айында Атбасар ауданының архивiне әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы 226 сауалдар түстi, оның iшiнде электрондық үкiмет порталы арқылы келген сауалдар 136, бұл 60,1% -ды құрайды.

183 сауалдар оң жауаппен орындалды, ТМД және шалғай шет елдерiнен 52 сауалдар түстi, оның iшiндегi 45 сауалдар оң нәтижеммен орындалды.

Сауалдардың көбiсi еңбек өтiлiне, жалақыға, оқуға, тұрған жерiне, нотариалдық қимылға және т.б. қатысты.

Наурыз мейрамын тойлау қарсанында архив қызметкерi Г.Т.Қалиеваның ұйымдастырумен ұлттық киiм түрлерi мен тұрмыстық заттар көрмесi өткiзiлдi, аталған iс-шараға мұражай, кiтапханалар қызметкерлерi және мектеп оқушылары шақырылды. Өткiзiлген iс-шара туралы ақпаратты бiздiң сайттың беттерiнен оқуға болады.

Атқарылған жоспардың және орындалған сауалдардың негiзгi көрсеткiштерi қоса тiркелдi.

Архив директоры                                                                         А.Ахметов

Мақаланың шыққан күні:: 26.05.2017 18:09
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.05.2017 18:09
Қаралым саны: 4823

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Атбасар ауданы, Мариновка с., Женіс к-сі, 37

8 (71643) 5-11-22

arhiv_atbasar1@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71643) 5-11-09