2018 жылдың 26 шiлдесiнде Атбасар қаласының Мәдениет үйiнiң залында Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының бастамасымен «Өлке тарихы-ел тарихы» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырылды. Көрменiң ашылуында «Атбасар ауданының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ-нiң жетекшiсi А.Д.Серiкбаев, фотокөрменiң эстафеталық альбомын Атбасар ауданына табыстаған Сандықтау ауданының мемлекеттiк архивiнiң директоры Г.И.Виноградова, сонымен қатар Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнiң директоры А.Б.Ахметов сөз сөйледi.
Көрме ашылуынан кейiн келушiлердi Ақмола облысының мемлекеттiк архивiнiң қызметкерлерi Ақмола облысының 17 ауданы мен екi қаласының тарихы жайлы суреттерi бар стендтермен таныстырды.
Көрме ХIХ ғасырдан бастап 1991 жылға дейiнгi фотографиялардан тұрады.
Келушiлер — мемлекеттiк қызметкерлер, Аабасар қаласының мекемелерi және кәсiпорындарының басшылары мен жұмысшылары, мектеп ұстазадары мен оқушылары, сонымен қатар қала тұрғындары суреттерде бейнеленген ерте кездердегi оқиғаларға аса қызуғышылықпен қарасты.
Аталған фотокөрмеге 125 адам келдi.
Аталған шараға БАҚ өкiлдерi «Простор», «Атбасар» аудандық газеттерi және «Халық ақпараты», сонымен қатар «Айна» жергiлiктi телеарнасы қатысты.