Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ

«Тарих беттерінен» көрме

2018 жылдың 13 маусымында Атбасар ауданының мемлекеттiк архивi «Аграрное» ЖШС-нiң ғимаратында өткен жылдардың аудандық және селолық газеттердiң көрмесiн ұйымдастырды. 1957-1962 жылдардағы «Знамя коммунизма», 1948-1957 жылдардағы «Знамя колхоза», 1956-1957 жылдардағы «Знамя труда», 1955-1956 жылдардағы «Совхозная жизнь» газеттерiнiң көрмесiне келген «Самарский» кеңшарының келушiлерiнiң ешқайсысы бейтарап қалмады. Ауыл тұрғындары аса қызығушылықпен 50-iншi жылдардағы мақалаларды оқып, таныс аты-жөндердi танып жатты және уақыт өте келе түсi өңе бастаған суреттердi қарасты.

Борисовка селосының Ардагерлер кеңесiнiң төрағасы А.И.Моор архив қызметкерлерiне алдағы ұрпақ тарихы және естелiгi үшiн құжаттарды сақтау жолындағы олардың тынымсыз еңбектерi үшiн, еңбек өтiлiн, тұрған жерi дерегiн және басқа да әлеуметтiк-құқықтық сұрақтарды растау бойынша анықтаманы дайындау және беруде адамдарға көрсеткен көмектерi үшiн үлкен алғысын бiлдiрдi.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.06.2018 17:41
© 2024. Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика