Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ

Архив қызметінің ардагерлері

Чамкин Пётр Иванович, 13.07.1940 жылы туған — Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнiң тұңғыш директоры.

1989 жылы Атбасар аудандық атқару комитетi жанындағы жеке құрамы бойынша шаруашылық есептегi архивiн ашып және оны басқарды, соңында Атбасар аудандық мемлекеттiк архивiне қайта құрылған болатын.

Чамкин Пётр Иванович 2006 жылы зейнетке шыққанға дейiн 17 жыл бойы Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiн басқарды.

1986 жылы КСРО Министрлер Кеңесiнiң жанындағы Бас архив басқармасының Құрмет мадақтамасымен және бағалы сыйлықпен марапатталды. 1993 жылы «Еңбек ардагерi» медалiмен марапатталды.

Петровский Леонид Антонович, 1990 жылдың шiлдесiнен 1994 жылдың шiлдесi аралығы бойынша 4 жыл бойына 1 санатты архивист ретiнде жұмыс iстедi.

Свинцов Александр Тимофеевич, 08.03.1946 жылы туған, Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнiң бухгалтер-архивисi, архивтегi жұмыс өтiлi негiзi қаланған күннен бастап 2003 жылдың қыркүйегi аралығы бойынша 14 жыл.

Мекебаева Гулайым Джамбуловна, 06.04.1965 жылы туған. Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнде архивист ретiнде 2001 жылдың маусымынан 2015 жылдың желтоқсаны аралығы бойынша 14 жыл жұмыс iстедi, кейiн 2016 жылдың желтоқсанынан техникалық жұмысшы болып жұмыс iстедi.

Шемургалкина Татьяна Ивановна 11.10.1962 жылы туған 2003 жылдың қыркүйегінен бастап 2019 жылдың шілдесіне дейін 16 жыл Атбасар ауданының мемлекеттік архивте жоғары санатты архивист болып жұмыс істеді.2016 жылы «Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен кұжаттамалар басқармасының» алғыс хатпен марапатталды.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.11.2019 10:44
© 2024. Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика