Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ

2018 жылына «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ-нің жұмыс жоспары

1. Енгiзу.

2018 жылы Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнiң барлық қызметi архив iстерiн дамытуға және жетiлдiруге, ҰАҚ құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге, сақтаудағы құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппаратты құруға және жетiлдiруге және оларды жан жақты пайдалануға, орындалған жұмыстарды ғылыми-материалдық қамтамасыз етуге, 2018 жылына қойылған жұмыстарды уақытында және сапалы орындауға бағытталады.

Мақалаларды, ақпараттық құжаттарды, тақырыптық- экспозициялық жоспарларды, фотоқұжаттық көрмелердi, семинарлар-жиналыстар жоспарларын, ұмытылмайтын және ерекше мәнi бар күндердiң жыл сайынғы күнтiзбелiгiн дайындау, архивтiң сараптау комиссиясы отырысында ведомствалық архивтердiң тiзбелерi мен iс номенклатурасын құруларын қарастыру бойынша жұмыстар жоспарлануда.

«Ақмола облысының архивтiк қызметi» кiтабын шығаруға арналған құжаттарды дайындау және «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы бойынша жобаларды жүзеге асыру бойынша, сайттың жаналықтар лентасын жанарту, сондай-ақ архивтi материалды-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасады.

2. Қазақстан Республикасының ҰАҚ құжаттарының мемлекеттiк есебiн және сақталуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттiк сақтаудағы құжаттардың есебi мен сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, архивтiң материалдық-техникалық базасын нығайту және техникалық жабдықталуы бойынша жұмыстар жүргiзу жоспарланып отыр.

Қағаз негiзiндегi құжаттардың 79 сақталу бiрлiгiнiң табиғи жағдайы жақсартылатын болады, оның iшiнде 34 iс қалпына келтiрiлдi. Олар «Атбасар селолық Кеңесi» (10 сақ.бiрл.) № 109, «Красная Заря» колхозы (10 iс) № 97, Мариновская ПМК-9 (22 iс) № 63, «Родина» колхозы (4 сақ.бiр.) № 23 қорлары. Қағаз негiзiндегi құжаттардың 45 iсi тiгiлдi. Бұлар «Мариновка селолық Кеңесi» (1 iс) № 4, «Атбасар ауданының Прокуратурасы» (9 iс) № 189, «Атбасарский» совхозы (35 iс) № 45 қорлары.

«Мариновка ауданының баспаханасы» (36 iс) № 9 қорының құжаттарының жағдайы мен санын тексеру бойынша жұмыстары жүргiзiлетiн болады.

Картондаумен 2255 iстi қамту жоспарлануда. Бұл iстер, 2018 жылы жоспар бойынша мемлекеттiк архивке қабылданатын 755 iстер, сондай-ақ қайта

картондалатын 1505 iс («Красная Заря» колхозы № 97, Карл Маркс атындағы АҚ № 108 қорлар).

24 парақтағы өшiп бара жатқан мәтiндердi қалпына келтiру жоспарлануда. Бұлар «Красная Заря» колхозы № 97, Мариновка селолық округi № 87 қорларының құжаттары.

2018 жылынаАтбасар ауданының мәслихатының, Атбасар ауданының iшкi саясат бөлiмiнiң, Төтенше жағдайлар бойынша басқармасы бөлiмiнiң, Новосельское селосы әкiмiнiң аппараты, Борисовка селосы әкiмiнiң аппаратының, ЗТМО аудандық бөлiмiнiң, Ярославка селолық округi әкiмiнiң аппаратының, Сергеевка селолық округi әкiмiнiң аппаратының, Атбасар ауданының ЖБСМ-нiң ведомствалық сақтауында тұрған құжаттардың өңделуiн және құндылығын сараптау жүргiзу жоспарлануда. Аталған жұмыстар алдағы жыл бойы өткiзiлетiн болады.

Құжаттарды реттеу және оларға ғылыми-анықтамалық аппаратты жарыққа шығару бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

«Мариновка ауданының баспаханасы» № 9 қорының жеке құрамы бойынша қағаз негiзiндегi құжаттарының жағдайы мен санын тексеру бойынша жұмыстар жүргiзiлетiн болады.

Архивқоймандары және қосалқы жайларда кемiргiштер мен жәндiктерге қарсы «Марденов К.А.» ЖК қызметiмен ай сайынғы дезинфекциялау және дезинфекциялық өңдеу жүргiзiлетiн болады.

Ай сайын құжаттар салынған кораптарды шаңнан тазарту бойынша санитарлық күндер жүргiзiлетiн болады. Сондай-ақ қоймандардағы қажеттi температуралық-ылғалды режимнiң сақталуы бойынша жұмыстар жүргiзу жопарлануда.

3. ҚР ҰАҚ қалыптастыру. Ұйымдар мен кәсiпорындардың iс жүргiзуiндегi құжаттарды ұйымдастыру және ведомствалық архивтерде методикалық-ұйымдастыру жетекшiлiгi.

Аталған бағыт бойынша жұмыста ҚР ҰАҚ құжаттарын сапалы қалыптастыруды қамтамасыз етуге, мемлекеттiк сақтауға қабылданатын құжаттардың қабылдау сапасын арттыруға ерекше көңiл бөлiнедi.

Аталған жұмыстарды орындау үшiн архив қызметкерлерi сол жерде практикалық және методикалық көмек көрсету үшiн селолық округi мекендерiне шығуды жоспарланып отыр.

2018 жылы басқармалық құжаттамалардың 560 iсiн және жеке құрам бойынша 195 iстi қабылдау жоспарланып отыр.

Атбасар ауданының мәслихатының 2005-2012 жылдардағы, Атбасар ауданының iшкi саясат бөлiмiнiң 2005-2012 жылдардағы, ТЖ бөлiмiнiң 2005-2009 жылдардағы, Ярославка селолық округiнiң әкiмi аппаратының 1994-2012 жылдардағы, Сергеевка селолық округiнiң әкiмi аппаратының 1994-2012 жылдардағы, ЖБСМ-нiң 1999-2012 жылдардағы, Новосель селосы округiнiң әкiмi аппаратының 2004-2012 жылдардағы, Борисовка село округiнiң әкiмi аппаратының 2008-2012 жылдардағы, ЗТМО Атбасар ауданының бөлiмi 1998-2012 жылдардағы құжаттары қабылданатын болады. Сондай ақ аудан әкiмiмен келiсiлген, құжаттарды қабылдау кестесi бойынша мемлекеттiк сақтауға мемлекеттiк архивтiң толықтыру дереккөздерi-ұйымдардан жыл бойы құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады.

Ауданның екi ұйымына сараптау комиссиясы жайлы ережесi мен iс номенклатурасын құруға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетiледi:

1. «Атбасар ауданының құрылыс бөлiмi» ММ;

2. «Атбасар ауданының бiлiм бөлiмi» ММ.

11 ведомствамен ведомствалық архив пен сараптау комиссиясы туралы ереженi келiсу.

Құжаттамалық қызмет бойынша келесi тақырыптарда 4 семинар-жиналыс өткiзу жоспарлануда:

1. Сақтау мерзiмi көрсетiлген, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың қызметiнде жасалған тұрпатты құжаттар тiзiмiне енгiзiлген өзгерiстер жайлы.

2. Тұрақты сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттарды өңдеу және құңдылығын сараптау, оларды мемлекеттiк сақтауға тапсыруға дайындау және олраға ғылыми-анықтамаларды құру туралы.

3. Ұйым архивiнiң негiзгi мiндеттерi мен қызметтерi және ұйым архивiнiң құжаттарының құрамы жайлы.

4. Алдағы жылға iс номенклатурасын құру туралы және аудан ұйымдарының мемлекеттiк архивке құжаттарын тапсыру жоспарларын орындау бойынша жұмыс қорытындылары жайлы.

4. Ақпаратты-iздеу жүйесiн құру, ғылыми ақпарат және құжаттарды пайдалану.

2018 жылы әлеуметтiк-құқықтық, тақырыптық және басқа сауалдар, архивтiк құжаттарды түсiндiру бойынша азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтық және заңды мүдделерiн жүзеге асыруға арналған архивтiк құжаттарды пайдалану бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Қазақстанның және Атбасар ауданының тарихындағы ұмытылмас күндер мен мерекелiк күндерге арналған көрмелер мен стенттер келесi тақырыптар бойынша дайындалатын болады:

1. «Барлығы Жеңiс үшiн» — көрме, Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 73 жылдығына арналады (сәуiр-мамыр).

2. «Туған жерiм — тұғырым» — «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Атбасар ауданы бойынша тарихи тұлғалар, дәйектер, оқиғалар жайлы (маусым-қазан).

Аталған шараларды мәдениет бөлiмiнiң ұйымдарымен және Мариновка селосының тарихи-өлкелiк музейiмен бiрiгiп өткiзу жоспарланды.

Ұмытылмас күндерге арналған дөңгелек үстел түрiнде мынадай шаралар өткiзу жоспарланды: Қазақстан Республикасының Ата Заңы күнi, Қазақстанның тәуелсiздiгiнiң 27 жылдығы, сондай ақ Наурыз мейрамы және т.б.

Атбасар ауданының архивi бойынша бiр экскурсия ұйымдастыру және архивтiң жұмысымен таныстыру үшiн Мариновка селосы мектебiнiң оқушыларының қатысумен бiр сабақ өткiзу.

Архив жұмысы туралы материалдар мен мақалаларды бұқаралық ақпараттарда «Атбасар» және «Простор» газеттерiнде жариялау бойынша жұмыстар жалғастыру жұмыстары жоспарланды. Архивистер Қалиева Г.Т., Попрыжко Л.И., Платонова Р.И., Шемургалкина Т.И. 4 мақала дайындауы ұйғарылды.

Аудандық архивтiң сайтына архив қызметiн жарыққа шығаратын ақпараттарды, сондай-ақ өткiзiлген шаралар бойынша қызықты мақалаларды салу бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

«Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызмет стандтартындағы сауалдарға ерекше көңiл аударылады. Осы мақсатта әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сауалдарды орындау бойынша архивтiң жұмысы туралы БАҚ мақалалар жариялау, аудандық газеттерде электронды үкiметтiң порталы арқылы архивтiк анықтамалар алудың артықшылығы туралы хабарландыру орналастыру, селолық округтерге шығу арқылы архивтiк анықтамаларды алудың мүмкiншiлiктерi туралы жеке алушыларды ақпараттандыру.

«Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорация арқылы анықтама алу бойынша жұмыстарды жандандыру, өтiнiштi рәсiмдеу кезiнде қате жiбермеудi ескерту мақсатында Мемлекеттiк корпорация қызметкерлерiмен 2 семинар-лекция өткiзу жоспарланды.

Екiншi тоқсанда ХҚКО –да Халықаралық архивтер күнiне арналған «Архив кеңес бередi» акциясын өткiзу. Акцияның мақсаты — «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет туралы халық арасында ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу.

«Атбасар ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ № 169 қорды (5 iс каталогтау, 20 карточка жасау) каталогтау жүргiзу.

5. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы.

Архив қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн архив iстерiнiң сұрақтары бойынша нормативтiк-құқықтық жан-жақты оқу ұйымдастырылатын болады.

Ай сайынғы Басқарма алқа отырысының сұрақтары және оларды орындау, сондай-ақ облыстың архивтi ұйымдарының оң тәжiрибелерiмен танысу және оларды бiздiң архивке ендiру бойынша жиналыстар өткiзу жоспарлануда.

Ай сайынғы жедел жиналыста жоспар көрсеткiштерiн және айлық жоспар жұмыстарын орындау барысында жұмысшылардың есебiн тындау.

Архивистердi архивтер мен құжатамалар басқармасында өткiзiлетiн семинарларға және архив қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру бойынша оқуға қатыстыру жоспарлануда.

Қойылған тапсырмаларды орындау үшiн архив жұмысшыларын әлеуметтiк қорғау және архив базасын материалдық-техникалық нығайту мәселесiне көңiл бөлiнетiн болады.

Архив директоры                                                                                                    А.Ахметов

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.01.2018 11:45
© 2024. Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика