Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ

Менің елімнің мемлекеттік рәміздері

2017 жылдың 02 маусымында Атбасар ауданының мемлекеттiк архивiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерiнiң 25 жылдығына арналған iс-шара өткiзiлдi. Бұл iс-шараға ауылдық, балалар және Мариновка тарихи-өлкелiк мұражайдың қызметкерлерi шақырылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi бойынша және мемлекеттiк рәмiздердiң шығу тарихына байланысты әдеби шығармашылық бойынша көрме жасалды.

Кiтапханалар мен мұражай қызметкерлерi қатысушыларға елiмiздiң елтаңбасы, туы және әң ұраны туралы қызықты әңгiме айтып бердi және мемлекеттiк рәмiздердiң туындау тарихына экскурсия жасады.

Олардың сөздерiн архив директоры А.Ахметов «Қазақстан Республикасының рәмiздерi туралы» ҚР Ата Заңы үзiндiлерiмен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы мен Мемлекеттiк тудың үлгiлерi, өлшемi, дайындауы және пайдалануы туралы айтып толықтырды. Барлық қатысушылармен iс-шараның басы мен соңында Қазақстан Республикасының әң ұраны орындалды.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.06.2017 15:09
© 2024. Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Атбасар ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Яндекс.Метрика